Тыныш режимде орнату (жауаптар файлымен)

Басқару сервері мен Желілік агенттің инсталляторларында, пайдаланушының қатысуынсыз тыныш режимде орнатуға арналған параметрлер жазылған жауаптар файлымен (ss_install.xml) жұмыс істеу мүмкіндігі іске асырылған. ss_install.xml файлы MSI пакетімен бір қалтада орналасқан және тыныш режимде орнату кезінде автоматты түрде қолданылады. Сіз "/s" пәрмен жолының кілті арқылы автоматты түрде орнату режимін қоса аласыз.

Іске қосу мысалы:

setup.exe /s

Орнатушы бағдарламасын тыныш режимде іске қоспас бұрын, Лицензиялық келісімді оқып шығыңыз. Kaspersky Security Center дистрибутиві құрамына Лицензиялық келісім мәтіні бар TXT файлы кірмесе, бұл файлды "Лаборатория Касперского" сайтынан жүктеп алуға болады.

ss_install.xml файлы Kaspersky Security Center инсталляторы параметрлерінің ішкі пішімі болып табылады. Дистрибутивтер құрамында әдепкі бойынша параметрлері бар ss_install.xml файлы жеткізіледі.

ss_install.xml файлын қолмен өзгертудің қажеті жоқ. Бұл файл, Басқару консоліндегі орнату пакеттерінің параметрлерін өзгерту кезінде Kaspersky Security Center құралдарымен өзгертіледі.

Басқару серверін орнату үшін жауап файлын өзгерту үшін:

  1. Kaspersky Security Center дистрибутивін ашыңыз. EXE файлының толық пакетін қолдансаңыз, оны мұрағаттан шығарыңыз.
  2. Сервер қалтасын қалыптастырыңыз, пәрмен жолын ашыңыз және келесі пәрменді орындаңыз:

    setup.exe /r ss_install.xml

    Kaspersky Security Center орнату бағдарламасы іске қосылады.

  3. Kaspersky Security Center орнатуды конфигурациялау үшін шебердің нұсқауларын орындаңыз.

Шебердің жұмысы аяқталғаннан кейін, жауаптар файлы сіз көрсеткен жаңа параметрлерге сай автоматты түрде өзгертіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Жалпы ақпарат

Желілік агентті тыныш режимде орнату (жауаптар файлы жоқ)

setup.exe арқылы орнату параметрлерін ішінара конфигурациялау

Басқару серверін орнату параметрлері

Желілік агентті орнату параметрлері

Негізгі орнату сценарийі

Басына оралу